ҚАЗАҚСТСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

МИНИСТРЛІГІ

СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ  ІСТЕРІ КОМИТЕТІ

 

1. Кәркен Ахметов атындағы олимпиада  резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқу бөлімінің 2014-2015 оқу жылындағы жұмысы туралы есептеме.

2014-2015 оқу жылындағы оқу үрдісі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі бекіткен ережеге және мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес өткізілді. Жұмыс өз қарқынымен жүргізілді.

Мұғалімдер ұжымы 32 адамнан тұрады, олардың ішінде: Қазақстан Республикасының білім беру озаттары – 7, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталғандар – Искакова С.О. және Чепуштанова Е.В. мұғалімдердің басым бөлігі жоғары және бірінші санатқа ие (жоғары санат – 18 адам, бірінші санат – 5 адам, екінші санат – 6 адам, санаты жоқ – 3 мұғалім).

Мектеп-интернат-колледжде сапалы оқу үрдісіне арналған барлық мүмкіндіктер жасалған: 23 оқу кабинеттері жұмыс жасайды, қазақ, орыс, шет тілдерін үйренуге арналған лингафон кабинеті, ақпараттану кабинеті, интерактивті тақтасы бар 3 кабинет, оқу залы бар кітапхана, әдістемелік кабинет, акт залы, әскери және спорттық даңқ мұражайы бар.

2014-2015 оқу жылында мектеп-интернат-колледжде 6-ыншы  және 11-інші сынып аралығында 479 оқушы білім алды, 17 сынып жинақталды, оның ішінде 5 сынып қазақ тілінде оқытылды.

Мектеп-интернат-колледждің жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс келесі бағыттарда жүргізілді:

1. Азаматтылыққа, қазақстандық отансүйгіштікке, өз Отаны – Қазақстан Респрубликасына деген махаббатқа, ізгілік пен интернационализмге тәрбиелеу, тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершіліктің мықты негіздерін және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

2. Жаңа білім беру технологияларын ендіру, оқушының өзіндік қасиеттерін дамыту үшін және білім беру бағдарламаларын игеруі үшін мүмкіндіктер жасай отырып зердені байыту, әрбір оқушының дербес өзгешеліктерін ескере отырып, спортқа дайындау, оқушылардың өзінік шығармашылық белсенділігі мен жүйелі ойлау дағдыларын дамытуға оқу-жаттықтыру үрдісін бейімдеу.

3. Қазақстан Республикасының құрама командаларының құрамына спортшылар резервін дайындау және оларды болашақта болатын Әлем, Азия және Қазақстан біріншіліктеріне қатыстыру.

Мектеп-инернат-колледжде мұғалімдердің үш пәндік әдістемелік бірлестігі жұмыс жасайды: Е.В.Чепуштанованың басшылығындағы Әлеуметтік-гуманитарлық цикл әдістемелік бірлестігі «Қос тіл – қос қанатың» атты тақырыпта жұмыс істеді, Р.А.Ахметованың басшылығындағы Политехникалық цикл әдістемелік бірлестігі «Жер күні» тақырыбында экологиялық-валеологиялық тәрбие беру мәселелерімен жұмыс жасады, Ж.Б.Адильханованың басшылығындағы Қазақ тілінде білім алатын сынып оқытушыларының әдістемелік бірлестігі «Оқушылардың білім алу үрдісіндегі тұлғаға бағытталған білім беру әдістері» тақырыбында жұмыс атқарды.

Әдістемелік бірлестіктер мектеп-интернат-колледждің жоспарына сәйкес жұмыс істеді.  Білім және ғылым министрлігінің, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, Алматы қалалық мұғалімдердің біліктілігін көтеру институтының нормативтік нұсқаулықтары мен ұсыныстарын оқып үйренді. Мұғалімдердің кәсіби және ғылыми-әдістемелік деңгейін арттыру жолында жұмыс жасады.

Оқу жылы барысында білім алушылардың білімін арттыруға арналған пәндік іс-шаралар өткізілді:

·         «Экология және адам» зияткерлік ойыны;

·         Қаза, орыс, шет тілдерінен, Қазақстан тарихынан, әдебиеттен және математикадан олимпиадалар;

·         «1 желтоқсан – бүкіләлемдік ЖҚТБ-мен күресу күні» ашық іс-шарасы;

·         «Жандарыңызды өнермен байытыңыздар» көрмесін безендіру;

·         «Наурыз – 2015» мейрамы;

·         «Ақылгөйлер» ашық іс-шарасы;

·         «Біздің рухани құндылықтар» атты білімді кеңейту шарасы.

Өткізілген іс-шаралар тақырыбында қабырға газеттері шығарылды. Оқу жылы барысында әдістемелік білім беру жоспарына сәйкес пәндер бойынша дидактикалық материалды қолдана отырып ашық сабақтар өткізілді.

Кабинеттерде кабинеттердің әдістемелік материалдарын жүйелеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды, пәннің тақырыбы бойынша және білімді кеңейту бойынша стендтер бар.

Жаңа білім беру технологияларын ендіру мақсатында, оқу үлгерімін талдауға мұғалімдерге көмек ретінде «Мониторингтік диагностикалық зертхана» Т.Н. Песоцкаяның басшылығымен «Оқу үрдісіне мониторинг жүргізу және технологиялық тәсілдер негізіндегі педагогикалық жүйенің өзекті мәселелері» тақырыбында өз жұмысын жалғастырды. Оқушыларға арнап тестілер дайындалды және мұғалімдерге арнап ұсыныстар әзірленді.

Диагностикалық зертхана орындалған мониторинг түрлерін өңдеп берді:

1. Кіріс диагностикасының нәтижелері бойынша оқушылардың жаттығу деңгейін саралау мақсатында қазақ және орыс тілдерінен, математикадан мониторинг (қыркүйек);

2. Қазақ, орыс тілдерінен және математикадан оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін саралау және кемшіліктерді жою шаралары (I тоқсан);

3. Оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін саралау мақсатында шет тілдерінен мониторинг жүргізу (тоқсан сайын);

4. Тұлғалық-дамыту технологияларын ендіруге бағытталған әдістемелік жұмысты саралау (тоқсан сайын).

Оқу-әдістемелік жұмыс бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді және толық орындалды.

6 тақырыптық педагогикалық кеңес өткізілді:

1. «Жыл қорытындысы және жаңа жылға тапсырмалар» нұсқаушы педагогикалық кеңес (баяндама Т.М.Джапаров);

2. «Тұлғаның өмірге төзімділігі, спортпен тәрбиелеу туралы» (баяндама Ю.П. Гуськов);

3. «Қоғамдық дамуды озатын білім: болашаққа бағдар» (баяндама Р.З.Отепбергенова);

4. «Мектептің тәрбиелеу жұмыстары, педагогикалық құндылықтар» (баяндама Д.И.Жаксенова);

5. «Оқушыларды емтиханға және ҰБТ-ға жіберу туралы, 2015 жылы оқушыларды ауыстыру және шығару туралы» педагогикалық кеңес;

6. «Жыл сабақтары: тәжірибе алмасу және жаңа оқу жылына тапсырмалар» қорытынды педагогикалық кеңесі.

Өздігінен білім алу мақсатында әдістемелік жиналыстарда келесідей дәрістер оқылды:

1. «Жасөспірімдердің ақылға қонымсыз түсініктері – әлеуметтік тәуелділіктің пайда болу факторы» дәрісі – баяндама Г.А.Байсалова.

2. «Заманауи сабақ құрастырамыз» – баяндама В.С.Игнатенко.

3. «Өздігінен білімі алу – педагогикалық ұжым мен тұлғаның даму құралы ретінде» дәрісі – баяндама Н.В. Иконникова.

4. «Жоғары сынып оқушыларын диагностикалық негіздегі профильдік оқытудың психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін ұйымдастыру» дәрісі – баяндама Г.М.Турдиева.

5. «Оқушылардың оқыту және оларды ҰБТ-ға дайындау процесіндегі тұлғаға бағытталған білім беру әдістері» дәрісі – баяндама Ж.Б. Адильханова.

Мектепте деңгейлік әдістемелік даярлау негізінде мұғалімдердің шығармашылық шағын топтары жұмыс істеді:

1. Жоғары шеберлік тобы: Тақырыбы: «Оқушылардың медиа сауаттылығы – дамыту жолдары мен тәсілдері». Топ жетекшісі К.К. Кайрат, топ мүшелері: Б.Х. Омаров, Т.Н. Отарова.

2. Шеберлікті жетілдіру тобы: Тақырыбы: «Қазіргі заман мұғалімінің еркіндік деңгейі». Топ жетекшісі Г.А. Байсалова, топ мүшелері: Л.А.Аскарбекова, С.С.Джумадилова.

3. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру тобы: Тақырыбы: «Заманауи білім беру технологиялары, инновациялық жобалар». Топ жетекшісі У.Ж.Исабекова, топ мүшелері: С.Т.Чакантаев, О.Б.Аязбаева.

4. Жас мұғалімдерге тәлімгерлік ету тобы: Тақырыбы: «Сабақ типтері, формалары және әдістері», «Педагогтың кәсіби біліктілігі», «Жас мұғалімдерге өсиет», «Сабақ өткізуге қойылатын заманауи талаптар» сұхбаттары өткізілді. Топ жетекшісі С.А.Красикова, топ мүшелері: Ф.Н.Утебаева, А.К.Карамсакова.

Бірыңғай ұлттық тестілеуді өткізу ережелерін үйрену үшін сыныптық және ата-аналар жиналыстары өткізілді. Әрбір сыныпта «Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындаламыз» және «Емтиханға дайындаламыз» стендтері рәсімделген.

2. ЖОО-ларға түсу үшін құжат тапсырғандар саны – 62, бұл бітірушілердің жалпы санының 59%-ын құрайды; колледждерге тапсырғандар саны – 40, бұл бітірушілердің жалпы санының 38%-ын құрайды.

3. 2015-2016 оқу жылына жоспарланып отырған оқушылар саны:

Мектепке – 105 оқушы, колледжге – 40 студент.

Мектепке оқушыларды қабылдау комиссиясы өз жұмысын ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастайды, шығармашылық қабылдау емтихандары – 24-26 тамыз. Техникалық және кәсіптік білім алудың оқу бағдарламалары бойынша колледжге оқуға түсетін азаматтар үшін, оқудың күндізгі нысанына құжаттар қабылдау 01 шілде мен 20 тамыз айларында жүргізіледі, спорт түріне байланысты арнайы емтихандары 25 тамыз және 26 тамыз аралығында өткізіледі.