ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ

СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ

«К.АХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА  РЕЗЕРВІНІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖІ»

 

2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТҚА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАЙТЫНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

 

Мектеп-интернатқа 22 олимпиадалық спорт түрі бойынша спортшылар дайындайды:

Баскетбол (жасөспірімдер), грек-рим күресі, су добы (жасөспірімдер), велоспорт, волейбол (қыздар), спорттық және көркем гимнастика, байдарка және каноэде есу, дзюдо, коньки тебу спорты, жеңіл атлетика, жүзу, синхронды жүзу, суға секіру, жағажай волейболы, теннис, ауыр атлетика, семсерлесу, шайбалы хоккей (қыздар), қазіргі бессайыс, мәнерлеп сырғанау.

 

Мектеп-интернатқа 2016-2017 оқу жылына 7-8 сынып оқушылары қабылданады, олар төмендегі спорт түрлері бойынша спорттық дайындыққа ие және оқуға түсушілерге қойылатын тиісті талаптарды орындаған болуы керек:

 

1.Грек-рим күресі                          5.Ауыр атлетика

2.Су добы (жасөспірімдер)           6.Семсерлесу

3.Дзюдо                                             7.Мәнерлеп сырғанау (6 сынып)

4.Жеңіл атлетика

 

Описание: http://www.oblsport-penza.ru/pic/b8865.jpg

 

 

 

 

Қалған спорт түрлері бойынша оқушылар тек Республикалық федерация мен жаттықтырушылық кеңестердің шешімімен ғана қабылданады.

 

Құжаттарды қабылдау және медициналық комиссия жұмысы – 2016 жылдың 15-24 тамыз аралығы (сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін).

 

Қабылдау емтихандары 2016 жылдың 25-27 тамыз аралығында өткізіледі.

25-26 тамыз – жалпы дене дайындық бойынша

26-27 тамыз – арнайы және техникалық дайындық бойынша

Қабылдау емтихандары тест түрінде қабылданады.

Мектеп-интернатқа оқуға түсушілер келесі тесттерді тапсырады:

Жалпы дене дайындық бойынша:

1.Турникке тартылу

2.Орыннан ұзындыққа секіру

3.Уақытқа (1 мин) кеудені көтеру (пресс)

4.30 метр қашықтыққа жүгіру

5.Бұрышты ұстап қалу (швед қабырғасында 90 градус бұрышта секундпен)

6.Қайталамалы жүгіріс 3 х 10мин.

Арнайы және техникалық дайындық бойынша:

- таңдалған спорт түріндегі қажетті қозғалыс дағдыларын және техникалық дайындығын бағалайтын арнайы жаттығулар

 

25-27 тамыз аралығында барлық талапкерлер жалпы білім беру пәндері бойынша сұхбаттасу және психологиялық тест тапсыраудан өтеді.

 

Мектеп-интернатқа түсетін талапкерлер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

1.Туу туралы куәлігінің көшірмесі

2. ЖСН көшірмесі

3. Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесі

4. Фото 3х4 – 4 дана

5. Разряд беру туралы бұйрықтың көшірмесі

6. Спортшының жеке карточкасы

7. Файлдық тезтікпе (жеке іс), конверт

Сондай-ақ медициналық комиссиядан өту үшін денсаулық жағдайы туралы келесі құжаттар тапсырылады:

1. Форма № 26 (баланың жеке картасы) мектептен

2. Форма № 063-у. Профилактикалық егулер картасы, мектептен

3. Денсаулық паспорты, мектептен

4. Форма № 112. Амбулаторлық карта. Тұрғылықты жері бойынша емханадан

5. Кеуде қуысының флюорографиясы (15 жастан бастап)

6. Манту реакциясы әрдайым оң болған жағдайда фтизиатрдан анықтама 

7. Егер бала «Диспансерлік» тіркеуде тұрған болса, маманның ағымдағы жылдағы қарауы мен спорт мектебіне баруға рұқсаты.

8. Жалпы қан талдамасы

9. Жалпы зәр талдамасы

10. Жүректің ЭКГ, УЗИ

11. Стоматологтан тіс санациясы туралы анықтама

12. Эндокринологтан анықтама

13. Құрсаққуысы органдары мен бүйректің УЗИ

 

Медициналық комиссиясының рұқсатынан кейін ғана талапкерлер емтихан тапсыруға жіберіледі.

Қабылдау кезінде қабылдау емтихандары негізгі рөл атқарады, спортшының жарыстарға, яғни республикалық жарыстарға қатысқандығы міндетті түрде қарастырылады.

 

 

 

 

 

КОЛЛЕДЖГЕ 

  2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНА ТАЛАПКЕРЛЕР ҚАБЫЛДАЙДЫ

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130  қаулысының негізінде және 2007жылдың 27 шілдесіндегі ҚР «Білім туралы» Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» Республикалық мемлекеттік мекемесі ( бұдан әрі-Колледж) оқуға қабылдаудың осы типтік ережесі бойынша жалпы орта (11 сынып) негізінде күндізгі бөлімге оқыту формасы бойынша білімгерлер қабылдайды. «К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне түсетін талапкерлер ішінде Әлем, Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және Қазақстан Республикасының чемпиондары, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер және Ұлттық құрама командасына, жастар құрамасына енген спортшылар басым құқыққа ие болып табылады .

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

2016-2017 оқу жылына төмендегі мамандық бойынша қабылдайды

МАМАНДЫҒЫ – 0103000 – «Дене тәрбиесі және спорт»

БІЛІКТІЛІГІ: 0103033 – «Спорт жаттықтырушысы – оқытушы»

Оқыту  формасы: – күндізгі, қазақ, орыс тілдерінде оқыту

Нормативті оқыту формасы: 2 жыл 10 ай

Оқыту базасы: жалпы орта білім

Құжаттар 2016 жылдың 20 маусым-20 тамыз аралығында қабылданады

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: 09.00-18.00, үзіліс 13.00-14.00 аралығында. Сенбі күндері комиссия 09.00-14.00 аралығында жұмыс жасайды.

Талапкерлер келесі құжаттарды беруі қажет:

1.      К. Ахметов атындағы ОРРММИК директорының атына өтініш

2.      Оқу бітіргендігі жөніндегі құжат (аттестат), Бірыңғай  ұлттық тестілеудің (ҰБТ) нысанасының қорытындысы бойынша алған сертификаты (30 балладан төмен және  екі болмауы керек)

3.      Медициналық анықтама № 086 (ЭКГ лентасымен), фюорография суреті, дәрігердің берген анықтамасы мен қолы қойылып мөрі басылған

4.      Фотосурет (3х4) ж/е электронды түрінде______________________________________

5.      Бала денсаулығы паспорты (форма №063-у,ф.№112)______________________________

6.      Жеке куәлігінің көшірмесі (төлқұжаты)________________________________________

7.      Әскери билет немесе шақыру учаскесіне тіркелу куәлігі___________________________

8.      Спортшының біліктілік сынақ кітапшасы, жарысқа қатысқан хаттамасының көшірмесі

9.      Мекенжай анықтамасы (ХҚКО-да алу)_________________________________________

10.  Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – көшірмесі__________________________________

Қабылдау емтихандары 2016 жылдың 22-26 тамыз аралығында келесі пәндер бойынша өткізіледі:

1.Қазақстан тарихы

2.Қазақ тілі, орыс тілі

3. Жалпы физикалық дайындық бойынша емтихан

4. Таңдалған спорт түрі бойынша арнайы және техникалық дайындық бойынша емтихан

 

Мекен-жайымыз: Алматы қ., Байзақов к-сі, 238 ,

Анықтама телефондары: 8(727) 3944510, e-mail:rchi_ahmetova@mail.ru